“БАЛДӘУРЕН” МЕКТЕП ЖАНЫНДАҒЫ ЛАГЕРЬ
Лагерьдің төртінші күні оқушыларды таңертең қарсы алып, таңғы жаттығу жасап, флэшмоб билеумен басталды. 5-маусым «Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау» күніне орай оқушылар қайта өңделетін материалдардан түрлі пішіндер жасады. Бұл іс-шара балалардың экологиялық мәдениетті, табиғатқа ұқыпты қарау сезімін қалыптастыру, сондай-ақ көркемдік ойлау мен командалық рухты дамытуға бағытталды. Сонымен қатар топтардың ішінде оқушылар елімізді биік белестерден көрсетіп, жеңістерге жетелеп отқан жеңімпаздарымыздың өмірлік жолдарымен танысу мақсатында «Чемпиондыққа жетелеген арман» атты қызықты кітапты оқып, бір-бірімен ойларымен бөлісті. Сағат 11:00-де оқушылар қаламыздың орталығындағы Қ.Қуанышбаев атындағы музыкалық – драмалық театрға «Бала Мерген» қойылымын тамашалауға барды. Театр ұжымы балаларды жақсы көңіл-күймен қарсы алды. Қойылым балалардың естерінде қалатындай әсер қалдыра білді. Театрдан балалар көтеріңкі көңіл-күймен оралды. Бұл күн де балалар үшін есте қалатындай күн болды.
#мектепжанындағылагерь
#балақайлармектебі