Skip to content

“БАЛДӘУРЕН” МЕКТЕП ЖАНЫНДАҒЫ ЛАГЕРЬ Лагерьдің үшінші күні әдеттегідей оқушыларды таңертен…

“БАЛДӘУРЕН” МЕКТЕП ЖАНЫНДАҒЫ ЛАГЕРЬ

Лагерьдің үшінші күні әдеттегідей оқушыларды таңертен қарсы алып, таңғы жаттығуымызды жасаумен басталды. 4-маусым «Рәміздер күні» болғандықтан, топтардың ішінде оқушыларымызға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер туралы ақпараттар айттық. Жиынымызды ҚР-ның Әнұранымен бастадық. Балалар рәміздерге байланысты сұрақтарға белсенді жауап берді. Оқушылар мемлекеттік рәміздер туралы тереңірек мағлұмат алды. Арнайы «Менің елім Қазақстан» атты сурет байқауы өткізілді. Балалар өз шығармашылықтарын көрсете отырып, Отанға деген сүйіспеншіліктерін сурет арқылы жеткізді.
#мектепжанындағылагерь

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *