“БАЛДӘУРЕН” МЕКТЕП ЖАНЫНДАҒЫ ЛАГЕРЬ
Жазғы лагерьдің әр күні бір-біріне ұқсамайтын ерекше сәттерге толы. Бүгінгі лагерьдің алтыншы күні шексіз қуаныш пен қызыққа бөленген, әсерлі күн болды. Бүгін оқушылар «Koktal» ойын-сауық орталығындағы кинотеатрға барды. «Лило и Стич» атты киноны көріп, қызықтады. Шыққаннан кейін топ арасында өздерінің алған әсерлерін, ойларын айтып бөлісті. Әр топ жеке-жеке естелікке кинотеатрдың әдемі, көркем жерлерінде фотоға түсті. Кинотеатрдан кейін “Әке – үлгі, әке – өнеге” атты спорттық әкелер сайысы өткізілді. Шара барысында әкелер балаларымен бірге әртүрлі эстафеталық ойындарға қатысып, салауатты өмір салтын насихаттады. Бұл күн отбасылық құндылықтарды бағалауға бағытталды.
#мектепжанындағылагерь