БАЛДЫРҒАНДАР ӘЛЕМІ
Бүгін 2024 жылдың 03 маусым күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде «Балдырғандар әлемі» мектеп жанындағы жазғы лагерьінің ашылу салтанаты өтті.
Лагерьдің ашылуы биші қыздарымыздың флешмобымен бастау алып, мектебіміздің өнерлі оқушылары Дарын мен Мединаның «Лагерь» әні шырқалды. Домбырашылар ансамблі күй орындап, Кенжетай Айша «Бала тілегі» және Нұрхина Інжу «Киіз үй» әнін орындады. Тәрбиеші мұғалімдеріміз келіп балаларға қызықты ойындарын ойнатып,балаларға өте көңілді шара өтті. Биылғы жылы мектебімізде «Балдаурен» мектеп жанындағы лагерь, «Саржайлау» этно лагері, «Профильдік лагерьлер», «Археологиялық» лагерь, «Спорттық» лагерлері өз жұмысын бастайды. Мектеп басшымыз Сәуле Амангелдіқызы балаларды құттықтап жазғы лагерьдің көңілді,қызықты өтуіне атсалысуға шақырды.
#3junezhazgydemalys
#білімбасқармасы
#РУМЦДО
@oqu_aqartu_ministirligi
@bilimastana
@rumcdo_official
@sherraisa
@k.sengazyyev_official
@parlament_school_student
@dvoressholnikov
#astana_nvtp
#бірыңғайтәрбие
#zhazgydemalys2024