Батаны өмірде қолдана білуге,бата беріп үйренуге баулу, имандылыққа, салт-дәстүрді дәріптеу мақсатында 2024 жылдың 23 ақпан күні мектебімізде “Бата – ұлттық тәлім тәрбие бастауы” тақырыбында іс-шара өтті.
Бата қазақ поэзиясының ерекше түрі, онда бата беруші адамның үй иесіне деген шын жүректі жарып шыққан ықылас-пейілі, ақ ниеті, Алладан тілер тілегі поэзиялық өлең түрінде ақтарылады. Халқымыз ақ ниетпен бата беріп, жақындары үшін тілек тілеуді дәстүрге айналдырған. Оны кез келген адам айта бермейді және тойдағы тілектен айтарлықтай өзгешеленеді. Кімге қаратып айтылатынына қатысты да мәтіні өзгеріп отырады.
Іс-шара барысында 3 «А» сыныбы – “Ас батасы”, “Наурыз батасы” туралы мәлімет, 3 «Ә»- сыныбы – “Сапар батасы”, “Балаларға арналған батаны”, 3 «Б» – сыныбы – “Той батасын”, 3 «В»-сыныбы – “Қыздарға берілетін баталар”, 3 «Г» – сыныбы – “Ықылас батасын”, “Алғыс батасын”, 3 «Д»- сыныбы – “Игі бастамаларға берілетін баталар” мен “Мереке батасын”, 3 «Е» – сыныбы – “Сапар-жорық батасы” мен “Ас-мəзір батасын”, 3 «Ж»- сыныбы – “Сəбилерге берілетін баталар” және “Балаларға берілетін баталар”, 3 «З»-сыныбы – “Шаңыраққа берілетін баталарды” жатқа айтып, бата берді.
Оқушылар батаның кімге қаратып айтылатынына қатысты мәтінінің өзгеріп отыратынын және жақсы ниетпен айтылатынын түсінді.
