Skip to content

БЕЙІМДЕЛУ АПТАСЫ Астана қаласының білім беру ұйымдарында оқушыларды жаңа оқу…

БЕЙІМДЕЛУ АПТАСЫ

Астана қаласының білім беру ұйымдарында оқушыларды жаңа оқу жылына дайындау үшін арнайы "Бейімделу аптасы" басталды. Осыған орай 2023 жылдың 24 тамыз күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде оқушылар үшін бейімделу аптасының бірінші күні өтті. Апталық аясында шәкірттеріміздің бір-бірімен жақынырақ танысуы үшін түрлі ойындар, психологиялық тренингтер мен түсіндірме жұмыстары ұйымдастырылды. Жаңа пән мұғалімдерімен танысу жұмыстары жүргізілді. Бұдан бөлек мектептің ережесі мен құндылықтары жайлы айтылып, оқушыларға кітаптары таратылды. Балалардың жаңа ортаға бейімделуі қысқа уақытта өтеді деген сенімдеміз. Бейімделу күндері оқушылар бастауыш сыныптарымен қоштасып, жоғары сыныпқа қадам басты.
#adaptationweek2023

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *