БЕЙІМДЕЛУ АПТАСЫ
Бүгін 2023 жылдың 25 тамыз күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде мектеп оқушылары үшін бейімделу аптасының екінші күні өтті. Бейімделу мақсатында оқушылармен ойындар, психологиялық тренингтер ұйымдастырылды. Мектепке бейімдеу бағдарламасының мақсаты – оқушылардың мектеп қауымдастығына сәтті және қиындықсыз интеграциялануын қамтамасыз ету, оқу ортасында жайлылық пен тиесілілік сезімін қалыптастыру. Бастысы оқушының жазғы демалыстан кейінгі мектеп ортасына тез әрі жеңіл бейімделуіне көмектесу.
#adaptationweek2023