БЕРЕКЕЛІ АЛТЫН КҮЗ
2022 жылдың 10 қараша күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде 8-10 сыныптар арасында «Жас Ұлан» ұйымының ұйымдастыруымен «Күзгі бал» кеші өткізілді. Оқушыларды қоғамдық жұмысқа деген қызығушылығын ояту мақсатында ұйымдастырылған кеш әр сыныптан қатысқан жұптардың таныстыруымен басталып, «Өнер көрсету» кезеңімен жалғасты. Оқушылар өз өнерлерін ортаға салып, барынша тырысты. Әділ қазы алқаларының дауыс беру нәтижесі бойынша 10 «А» сынып қатысушы жұптары Дильназ бен Нұрсұлтан күзгі баллдың «Ханзада мен ханшайымы» атанды. Ал жүлделі І орынды 8 «А» сынып жұбы Аманай Әділхан мен Жұмабекова Аяулым, ІІ орынды 9 «Ә» сынып жұбы Жанбырбеков Ерасыл мен Кобланова Алина, ІІІ орынды 10 «Б» сынып жұбы Жангужинов Медет пен Едігеева Саида иеленді. Сондай-ақ кеш нәтижесінде «Үздік вальс», «Көрермен көзайымы», «Өнерлі жұп» сынды номинациялармен марапатталды.
Биылғы алтын күз мерекесіне орай оқушылардың қолдан жасаған сән үлгі киімдері мен қолөнер бұйымдары ерекше болды.