Skip to content

“БІЛІМ БЕРУДЕ ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ” ТАҚЫРЫБЫНДА ҚАЛАЛЫҚ СЕМИНАР 2022 жылдың…

"БІЛІМ БЕРУДЕ ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ" ТАҚЫРЫБЫНДА ҚАЛАЛЫҚ СЕМИНАР

2022 жылдың 22 сәуір күні Әлкей Марғұлана атындаға № 40 мектеп-лицейінде Цифрлық технология құралдарын тиімді қолдана отырып, мұғалімдердің кәсіби-педагогикалық құзыреттілігін арттыру мақсатында «Білім беруді цифрлық технологияларды қолдану» тақырыбында қалалық семинар болып өтті . Семинарда Марғұлан мектебінің информатика пәні мұғалімдері С.Сакеева «Білім беруде цифрлық технологияларды қолдану» тақырыбында мектебімізде жүргізіліп жатқан жоба жұмысымен таныстырып өтті. Директордың ақпараттық орынбасары А.Қалдыбекқызы «Мектептің ақпараттандыру саласы бойынша жүргізілетін жұмыстар жүйесі» тақырыптарында түрлі платформалар туралы толық ақпарат берсе, информатика пәні мұғалімдері А.Аманкулова, А.Абеновалар «Бастауыш сынып оқушыларын оқытуда Wordwall, Флиппити ресурсының мүмкіндіктерін пайдалану» тақырыптарын кеңінен түсіндіріп, тәжірибелерімен бөлісті. Ал екінші кезеңде информатика пәні мұғалімдері Ж.К.Кулжанов «Stepik – білім беру платформасында онлайн курстар мен сабақтарды құру», Қ.С.Серғазиева «Mural ресурсын оқыту процесінде пайдалану» тақырыптарында практикалық іс-тәжірибелерін семинарға қатысушы ұстаздарды топқа бөлу арқылы практикалық жұмыс түрінде көрсетіп, іс-тәжірибемен бөлісті. Цифрлық технологияны тиімді меңгерту, оқытуда цифрлық білім беру ресурстарын қолдану, АКТ құралдарын қолдануда оқушылардың оқу тиімділігін және сапасын арттыруға бағыттау, Жаратылыстану және гуманитарлық бағыттағы пәндерде цифрлық ресурстарды тиімді қолдануды міндет еткен информатика бірлестігі бүгінгі семинарда цифрлық технологияларды тиімді пайдалану арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы, қатысу деңгейі артып, жалпы білім сапасының артуына ықпал ету еді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *