Skip to content

⸻ 📚 “Білімді келешек – II” көрмесі 2025 жылдың 23…

📚 “Білімді келешек – II” көрмесі

2025 жылдың 23 қазан күні Астана қаласындағы “Тұран-Астана” университетінде өткен “Білімді келешек – II” атты кәсіби бағдар көрмесіне №40 мектеп-лицейінің 11 “Ә” және 11 “Б” сынып оқушылары қатысты.

Іс-шараны “Тұран-Астана” университеті ұйымдастырды.
Көрмеге келесі жоғары оқу орындарының өкілдері қатысып, өз оқу орындары туралы жан-жақты ақпарат берді:
🎓 Тұран-Астана университеті
🎓 Семей медицина университеті
🎓 Астана аграрлық университеті
🎓 МИТУ
🎓 Синергия университеті
🎓 Қулажанов университеті
🎓 Дене шынықтыру академиясы

Көрме барысында “Тілдік коммуникация және аударма ісі” кафедрасының меңгерушісі Донбаева Айнур Бекетовна оқушыларға өз кафедрасы мен оқу бағдарламалары жөнінде мазмұнды ақпарат берді.
🏢Сонымен қатар оқушылар үшін университет ішінде қызықты экскурсия ұйымдастырылды.
Экскурсияны 1-курс студенті Сманалиева Аяжан жүргізіп, 8 қабаттан тұратын оқу ғимаратымен таныстырды.

Бұл іс-шара оқушыларға жоғары оқу орындарының ерекшеліктерімен танысып, болашақ мамандық таңдауға бағыт алуына үлкен мүмкіндік берді.

🙏 Ұйымдастырушылар мен таныстырушы өкілдерге зор алғыс білдіреміз!

Педагог-кәсіби бағдар беруші: Әбілдина Әйгерім Бисенбіқызы
#БілімдіКелешек #КәсібиБағдар #ТұранАстана #ӘлкейМарғұлан40мектеплицейі #БолашақМамандық #ОқушыларКөрмеде

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *