БІЛІМДІ МЫҢДЫ ЖЫҒАР ХИМИЯЛЫҚ САЙЫС
2023 жылдың 16 қараша күні мектебімізде 7 сынып оқушылары арасында “Білімді мыңды жығар” атты сыныптан тыс химиялық сайыс болып өтті.
Сайыстың мақсаты: Оқушыларды өздігінен ізденуге, ұйымшылдыққа, химия ғылымының құпиясы мен қызығы мол екенін ойын элементтері арқылы көрсете отырып, қосымша мағлұмат беру, ой-өрістерін дамыту. Өтілген тақырыптар бойынша білімдерін нығайтып, пәнге қызығушылықтарын арттыру.
Сайысқа 7 «А» сыныбынан «Менделеев» тобы, 7 «Ә» сыныбынан «Атомдар» тобы, 7 «Б» сыныбынан «Жас химиктер» тобы, 7 «В» сыныбынан «Алтындар» тобы, 7 «Г» сыныбынан “Қоспалар” тобы, 7 «Ж» сыныбынан “Молекулалар” тобы, 7 «Е» сыныбынан «Сутек» тобы қатысты. Сайыскерлер өз білімдерін төрт кезең бойынша бақ сынады. І кезең. Таныстыру, ІІ кезең «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар», ІІІ кезең «Химик – сараман» (тәжірибе жасау), IV кезең «Топ басшылар сайысы». Сайыс қызықты, әрі тартысты өтті.
Сайыс қорытындысы бойынша жүлделі ІІІ орынды 16 ұпаймен 7 «Е» сыныбы “Сутек” тобы, жүлделі ІІ орынды 20 ұпаймен 7 «Ә» сыныбы “Атом” тобы, жүлделі І орынды 24 ұпаймен алдыңғы қатарға шыққан 7 «Б» сыныбы “Жас химиктер” тобы иеленді. Барлық қатысушы оқушыларға арнайы сыйлықтар беріліп, марапатталды.