БІЛІМІМ – ОТАНЫМА
Бүгін 2024 жылдың 24 мамыр күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінің 1-11 сынып оқушылары үшін жалпыреспубликалық «Білімім – Отаныма» тақырыбындағы бірыңғай тәрбие сағаттары өткізілді.
Мақсаты балаларды ұстаздарды құрметтеуге, білім ұясына қамқор болуға, білім алуға құштар болуға, жыл бойы алған білімінің нәтижесін қорытындылай білуге тәрбиелеу.
Тәрбие сағаттары Әнұранмен басталып, ҚР Оқу-ағарту министрінің жалпыреспубликаның білім алушыларына арналған құттықтау сөзін арнайы бейнематериалды тыңдап, әр сынып оқушыларының жыл бойы халықаралық, республикалық, облыстық, аудандық білім жетістіктері мен тәрбие тағылымы бойынша бір минуттық бейнеролик көрсетілді. Сонымен қатар барлық Іс-шараға білімалушылардың ата-аналары қатысты. Әр баланың жақсы қасиеті, үлгілі істері, ерлік көрсеткен тұстарына ерекше назар аударылып, марапаттар берілді. Сондай-ақ мектебімізге Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Заң департаментінің бас сарапшысы Егдиров Аслан Тилеукабакович келіп қатысып, оқушыларға алдағы емтихандарға сәттілік тілеп, өз тілегін білдірді.
Ал, 9, 11 сыныптың түлектері үшін «Мен. Мектеп. Ұстаз» тақырыбында мектеп қабырғасындағы балалық шақтан болашаққа қадамы туралы өз ойларын эссе жазу арқылы қалдырды.
#білімімотанымабірыңғайтәрбиесағаты
@bilimastana
@oqu_agartu_ministrligi
@astana_adistemelik_ortalyq
@rumcdo_official
@k.sengazyyev_official
@gani.beisembayev