БІР ЕЛ – БІР КІТАП
Биылғы жылы “Бір ел -бір кітап” акциясы аясында қазақ прозасына өзгеше өрнек, ғажайып сыр-сипат әкелген көрнекті қазақ жазушысы, балалар әдебиетінің классигі, 2024 жылы 100 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтілетін Бердібек Соқпақбаевтың шығармаларын оқимыз.
Соқпақбаевтың көптеген шығармалары жас оқырмандарға арнап жазылған. Адамның әрбір кезеңі оның шынайы қуанышына толы. Осы тұрғыдан алғанда, қаладан атасына келіп, басынан қызықты ауыл өмірін өткерген қалалық қыз туралы «Аяжан» атты әңгімесі шынайы қызығушылық тудырады.
Жазушының кейінгі шығармаларының ішінде махаббат, сұлулық тақырыбына арналған «Қайдасың, Гаухар?» атты тамаша әңгімесі бар.
Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп – лицей кітапханашылары, өз оқырмандарын Б. Соқпақпаевтың шығармаларын оқуға шақырады.