БІРГЕ ТАЗА ҚАЗАҚСТАН
2022 жылдың 23 сәуір күні Әлкей Марғұлан атындағы № 40 мектеп-лицейінің оқушылары мен мұғалімдері жалпы қалалық сенбілікке шықты. Сенбілікте мектеп оқушылары мен ұстаздары мектеп айналасына ағаш отырғызып, мектеп қоршауының айналасын тазартып, талдардың түбін ақтап, жапырақтарды жинап, қоқыстарын шығарды. «Тазалық – табалдырықтан басталады», демекші қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті. Тазалықты жанына серік Марғұлан мектебінің ұжымы сенбілік шарасына белсене араласты.