БІРЫҢҒАЙ СЫНЫП САҒАТЫ
Бүгін 2024 жылдың 29 тамыз күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде 30 тамыз Конституция күніне орай «Ата Заң асуы – елдіктің арқауы» тақырыбында 1-11 сынып оқушылары үшін бірыңғай сынып сағаттары болып өтті. Оқушыларға Конституция ұғымы, тараулары, қабылдануы, қазіргі кездегі қолданысы жөнінде түсіндіре отырып, бүгінгі өмірмен байланыстыра білім беру. Түрлі суреттер мен мәліметтер арқылы баланың «Ата заң» туралы түсінігін қалыптастырып, олардың көзқарасын танытуға мүмкіндік жасау. Сынып жетекшілері оқушыларды мектеп ережесімен таныстырып, мектеп формасына қойылатын талаптарды түсіндірді. Сондай-ақ мектептің қауіпсіздік ережесімен таныстырып өтті.
#бірыңғайсыныпсағаты #конституция #білімастана