Skip to content

Биыл Астана қаласында жаңа оқу жылы тың жаңалықтармен, көптеген өзгерістермен…

Биыл Астана қаласында жаңа оқу жылы тың жаңалықтармен, көптеген өзгерістермен басталды.
1 қыркүйек – «Білім күні» жылдағы дәстүр бойынша Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Ұлттың жаңа болмысы білім, ғылым және мәдениет саласын дамыту арқылы қалыптасады. Осы үш бағытты рухани даму саласындағы жұмыстың мызғымас үштағаны деуге болады…» айтып өтті. Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелейтін патриоттық ұйымдардың жұмысын жандандырған жөн деп өскелең ұрпақтың тәрбиесі өте маңызды мәселе екеніне тоқталып, ҚР Оқу-ағарту министрлігіне осы мақсатта жұмыс жасауды тапсырды.  
Президент тапсырмасын орындау барысында ҚР Оқу-ағарту министрі Бейсембаев Ғани Бектайұлының басшылығымен Тәрбие жұмысы және қосымша білім департаменті құрылып, 2023-2025 жылдарға арналған «БІРТҰТАС ТӘРБИЕ» бағдарламасы жасалды.

2023-2024 оқу жылына арналған «БІРТҰТАС ТӘРБИЕ» бағдарламасын іске асыру бойынша кешенді жоспар жасалып, Астана қаласының білім беру ұйымдарының басшыларына, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларына, сынып жетекшілерінің әдістемелік бірлестігіне, әлеуметтік педагогтерге, вожатыйларға оқыту семинары өткізіліп, 1000-нан астам педагог қамтылды.

Бағдарламаның аясында бүгінгі күні өзекті болып отырған «Жеткіншектің жеті жарғысы», «Еңбегі адал жас өркен», «Оқуға құштар әке, ана, бала, ұстаз» жобаларын іске асыру жоспарланып отыр.

Бала тәрбиесіндегі отбасы институты рөлін нығайту мақсатында білім беру ұйымдарында «Ата-аналар мектебі», «Әкелер мектебі», «Аналар мектебі», «Әжелер мектебі» жобалары жаңа мазмұнда жалғасады.

Кешенді жоспар педагогтерге ең қажет құжат деп  ойлаймыз. Өйткені, бұл құжатта «БІРТҰТАС ТӘРБИЕ» бағдарламасын іске асыру  барысындағы сынып сағаттары мен әлеуметтік тәжірибелер, жобалар нақты көрсетілген. «Ұлттық мүдде», «Ар-ұят», «Талап» тәрбие құндылықтарына негізделген тәрбие жұмыстарының жүйелі жүзеге асуына барлық министрлік, барлық сала қызметкерлері, білім ұйымдары атсалысады.  

⬇️⬇️⬇️

@oqu_agartu_ministrligi
@gani.beisembayev
@akimat__astana
@jenis_qasymbek
@baikenyesset

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *