Биыл Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар қызметінің құрылғанына 17 жыл толып отыр. Өткен уақыт аралығында елімізде мемлекетіміздің аумағындағы, сондай-ақ одан шеткері жатқан жерлердегі төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою бойынша тапсырмаларды жоғары деңгейде шешуге қабілетті, жедел әрекет ететін қуатты және шұғыл жүйесі қалыптасты. Осыған орай, Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде «Құтқарушылар күніне» арналған «Менің дабыл шабаданым» тақырыбына түсірілген бейнеролик челленджі жалғасын тапты.
#ТревожныйЧемоданчикМЧС#ЯволонтерМЧС