"ҰСТАЗ АБЫРОЙЫНЫҢ БАСПАЛДАҚТАРЫ"
2018 жылдың 31 қазан күні және 1 қараша күндері мектебімізде ұстаздарға арналған "Ұстаз абыройының баспалдақтары" атты тренинг болып өтті. Тренингтің мақсаты: ұстаздар арасындағы әріптестік қарым қатынасты нығайту және жұмыс барысында кездесетін мәселелерді ұжым болып бірлесе шешуге бейімдеу болды. Екі күнге бөлініп өткізілген шараға ұстаздар қауымы белсене қатысты. Тренингті ұйымдастырған мектеп психологтары Н.Жиенбаева, Л.Мынбаева және А.Орынбасарова.