ЖАС ӨЛКЕТАНУШЫЛАР, ЭКОЛОГТАР, НАТУРАЛИСТЕРДІҢ ҚАЛАЛЫҚ ФОРУМЫ
Бүгін 2018 жылдың 14 қараша күні Астана қаласы білім басқармасы және Астана қаласы әкімдігінің "Балалар мен жасөспірімдердің туризм және өлкетану орталығы" МКҚК- ның ұйымдастырумен Жас өлкетанушылар, экологтар, натуралистердің жалпы қалалық форумы өтті. Форумның мақсаты оқушыларды экологиялық және өлкетану мәдениетіне тәрбиелеу, қоршаған ортаны қорғау шараларына баулу болып табылады. Аталған форумда мектебіміздің 9 "Б" сынып оқушысы Серікқызы Диана "Елорданың жасыл технологиялары" экологиялық инновациялық жобасын қорғау бағыты бойынша жүлделі ІІ орынды иеленді, қалған бағыттар бойынша да оқушыларға алғыс хаттар табысталды. Жетекші Қ. Атчибаев.