«КЕМЕҢГЕР КӨШБАСШЫМЕН – ТАТУЛЫҚ КЕМЕСІНДЕ»
Бүгін 2018 жылдың 30 қараша күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде Тұңғыш Президент күніне орай «Кемеңгер көшбасшымен – татулық кемесінде» атты мерекелік кеш өтті.
Кеште Елбасымыздың өмірі жолы туралы бейнебаян көрсетіліп,оқушылар дайындаған ән-күйлері щырқалып, би биленіп көркем сөзбен кештің шырайын кіргізді. Еліміздің нардай жүгін көтеріп, халықтың сенімін ақтаймын деп күш-жігерін аямай, тынымсыз еңбек етіп жүрген Елбасымызға зор денсаулық және амандық тілейміз.