Меню KDT

"Әлкей Марғұлан" атындағы №40 мектеп-лицей


 

Kazakh
Директорға сұрақ қою

4 ҚАҢТАР БІРЫҢҒАЙ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ

1546932798297126.jpg

2018 жылдың 4 қаңтар күні Әлкей Марғұлан атындағы № 40 мектеп-лицейінде бірыңғай жалпы ата-аналар жиналысы болып өтті. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Найманбаева Жұлдыз Балғабайқызы ата-аналарды 2018-2019 оқу жылындағы І жартыжылдық есебімен таныстырып өтті. Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша мектеп директоры Базыл Жанкелді Сағынтайұлы 2018 жылғы қаражаттың жұмсалуын әрбір спецификалар бойынша тоқталып, 2019 жылға қарастырылған қаражат есебімен таныстырып өтті. Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша бастауыш сынып мұғалімі Есімсейтова Нұрбану Жамбылқызы ата-аналарды І жартыжылдық бойынша оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуы жайында баяндады. 1-4 сыныптардың тегін тамақпен 100% қамтылуын айтты. Ата-аналарды оқушылардың асхана кестесімен таныстырып, ата-аналар тарапынан брокеражды комииясының құрылғандығын ескертті. Сонымен қатар айына төрт рет брокеражды комиссия мүшелері тарапынан тексерудің жүргізіп жатқанын баяндады. Күн тәртібіндегі төртінші мәселе бойынша әлеуметтік педагог Шаймаханова Гүлсім Шахмарданқызы ата-аналарды 2018-2019 оқу жылындағы І жартыжылдық бойынша жалпыға міндетті оқу айлығының есебімен таныстырып өтті. Өз баяндамасында жалпыға бірдей мектеп қорының орындалғандығы туралы, ол қордың орындалуында қандай жұмыстар атқарылғанды туралы толық айтып өтіп, биылғы оқу жылындағы қамқорлықтағы, аз қамтылған оқушыларға көрсетілген әлеуметтік көмек есебін баяндады. Күн тәртібіндегі бесінші мәселе бойынша қамқоршылық кеңесінің мүшесі Сейтбатталова Мағрифа Тасыбайқызы ата-аналарды қамқоршылық кеңесінің мақсаты мен міндеттерін түсіндіріп, күтілетін нәтижемен таныстырып өтті. Жоспарға сәйкес 2018-2019 оқу жылындағы І жартыжылдық бойынша көрсетілген көмектің есебін баяндады.
 

 

  

Директорға сұрақ қою