Меню KDT

"Әлкей Марғұлан" атындағы №40 мектеп-лицей


 

Kazakh
Директорға сұрақ қою

ЖАМБЫЛ АРТЫҚБАЕВПЕН КЕЗДЕСУ

1550477505312929.jpg

2019 жылдың 13 ақпан күні Әлкей Марғұлан атындағы № 40 мектеп-лицейінің оқушылары Оқушылар сарайында ұйымдастырылған «Ұлы дала тарихы және Жамбыл Артықбаев» атты қалалық іс-шараға қатысты. Мектеп оқушылары аталған шарада тарих ғылымдарының докторы профессор Жамбыл Артықбаевпен кездесті. Кездесу профессор Жамбыл Артықбаев Ұлы даланың тарихы туралы сөз қозғап, Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласының мәні мен маңызы жөнінде ой-пікірімен бөлісіп, оқушылардың сұрақтарына жауап берді. Мектебіміздің оқушылары ғалымның еңбектерінен үзінділер мен ғалым туралы айтылған пікірлерді жатқа айтты. Кездесу соңы «Астана – Ұлы дала елордасы» жобасының І жартыжылдық қорытындысы бойынша жеңімпаздарды марапаттаумен аяқталды. Аталған жоба жұмысында мектебіміздің оқушылары жүлделі ІІІ орынды иеленді. Жоба жетекшісі: Атчибаев Қайрат Сиражиденұлы.
 
 

Директорға сұрақ қою