Меню KDT

"Әлкей Марғұлан" атындағы №40 мектеп-лицей


 

Kazakh
Директорға сұрақ қою

«БІР ЕЛ – БІР КІТАП 2023» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ

1682588182809174.jpg

        Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейі Қалалық "Бір ел - бір кітап" акциясы аясында ұлттық академиялық кітапханада жазушы Төлен Әбдіктің "Қонақтар" әңгімесі мен "Әке" повесі оқушылар арасында талқыланды. Акцияның басты мақсаты – ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік туындыларды оқу және насихаттау, оқу ісін ілгерілету, рухани мұрамызды сақтау, сондай-ақ жастарға рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбие беруге бағытталған. Қалалық акцияға Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицей, М.Дулатұлы атындағы №68 мектеп, бином мектептері, Ш. Құдайбердіұлы атындағы 56 мектептер қатысты. Қалалық оқырмандар клубының талдауына мектебіміздің 7 «А», 7 «Ж», 7 «З» сынып оқушылары бірігіп дайындалып, белсене қатысты. Қатысқан оқушыларға марапат қағаздары берілді.

Директорға сұрақ қою