Меню KDT

"Әлкей Марғұлан" атындағы №40 мектеп-лицей


 

Kazakh
Директорға сұрақ қою

БІРЛІГІ ЖАРАСҚАН КӨПҰЛТТЫ ҚАЗАҚСТАН

1682999173248856.jpg

         130-дан астам түрлі ұлт өкілдерін бір шаңырақ астына тоғыстырған республикамыз жыл сайын 1 мамыр күні Қазақстан халқының бірлігі күнін атап өтеді. Мамыражай көктемнің жылы күнімен тұспа-тұс келетін аталмыш мереке қарсаңында Әлкей Марғұлан мектебінің жас өнерпаздары мен Көктал елді мекенінде орналасқан арнайы оңалту мектеп-интернатының тәрбиеленушілері бірлесіп 2023 жылдың 28 сәуір күні "Бір шаңырақ астында" атты мерекелік концерт өткізді. Өзара ынтымаққа, бейбітшілікке үндеген шара мақсаты - ерекше қажеттілігі бар балаларға қолдау көрсету, қоғамға жақындастыру, өнерін байқап, қолдау көрсету.
Осылайша балалар концертте әннен шашу шашып, би биледі, көптеген ұлттың өнерін, ерекшелігін ортаға салып, көпшілікті тәнті етті.
Марғұлан оқушыларының келіп, бірлесе өткізген шығармашылық шарасына оңалту орталығының балдырғандары ерекше қуанып, шад-шадыман болды.

Директорға сұрақ қою