Меню KDT

"Әлкей Марғұлан" атындағы №40 мектеп-лицей


 

Kazakh
Директорға сұрақ қою

"ТАБИҒАТТЫ АЯЛА" ҚАЛАЛЫҚ ФОРУМЫ

1683000122115674.jpg

                      Бүгін 2023 жылдың 29 сәуір күні Астана қаласы Білім басқармасының қолдауымен Балалар мен жасөспірімдер туризмі және өлкетану орталығының ұйымдастыруымен жалпы білім беретін қала мектептері арасында "Табиғатты аяла" қалалық жас өлкетанушылар мен экологтар және натуралистер форумы өтті. Форумның алғашқы кезеңі бойынша іріктеуден өткен қала мектептері өз жобаларын қорғады. Мектебімізден жолданған "Жасыл ел" номинациясы, "Экотеатр" номинациясы және Qreen Oazis номициялары іріктеуден өтіп жоба жұмысын қорғауға мүмкіндік алған болатын. Республикалық кезеңге іріктеу әділқазыларға да оңай болмады. Форум нәтежиесі бойынша "Жасыл ел" бағыты бойынша Шаяхмет Аружан жетекшісі Қ.Атчибаев жүлделі І орын иеленіп республикалық кезеңге жолдама алса, Экотеатр бағыты бойынша жетекшісі А.Аргенова жүлделі ІІІ орын иеленді, сондай-ақ Qreen Oazis үздік экологиялық ландшафт бағыты бойынша өз жобасын қорғаған Есенбек Салтанат жетекшісі Қ.Атчибаев жүлделі ІІ орын иеленіп республикалық кезеңге жолдама алды. Форумның ережесіне сәйкес жоба жұмысын сәтті қорғаған І және ІІ орын иеленген жеңімпаз оқушылар өз бағыттары бойынша республикалық кезеңде Астана қаласының намысын қорғайтын болады. Жеңімпаз оқушыларымызды құттықтай отырып алдағы республикалық кезеңдеріне сәттілік тілейміз!

Директорға сұрақ қою