Меню KDT

"Әлкей Марғұлан" атындағы №40 мектеп-лицей


 

Kazakh
Директорға сұрақ қою

ЖЕҢІМПАЗ ОҚУШЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

1683690787027527.jpg

     2023 жылдың 2 мамыр күні Әлкей Марғұлан атындағы #40 мектеп- лицейінің директоры Ж.Б.Сағынтайұлы мектебіміздің қалалық байқаулардан жүлдегер атанып мектеп абыройын асқақтатып жүрген жеңімпаз оқушыларды қабылдап, жеңістерімен құттықтады. Оқушыларымыз жылда Білім басқармасының қолдауымен өткізіліп келе жатырған "Табиғатты аяла" жас өлкетанушылар мен экологтар және натуралистердің қалалық форумына қатысып "Жасыл ел" бағыты бойынша Шаяхмет Аружан 1 орын, "Жасыл oazis "бағыты Есенбек Салтанат 2 орын, "Экотеатр" бағыты Қалабай Нұрсұлтан,Тоқтақасым Жарқынай және Жақсылық Алихан жүлделі 3 орынды иеленген болатын. Мектеп директоры оқушыларға алдағы республикалық кезеңге сәттілік тілеп, болашақ еліміздің жас өрендері екендіктерін айтып,ізденіспен жаңашылдық,оқумен білім жолында ізденуден талмау керек екендігін айтып болашақтарына шығармашылық табыс тіледі. 

Директорға сұрақ қою