Меню KDT

"Әлкей Марғұлан" атындағы №40 мектеп-лицей


 

Kazakh
Директорға сұрақ қою

"ЖЕЛБІРЕ ЖЕҢІС ЖАЛАУЫ" АТТЫ МЕРЕКЕЛІК ШАРА

1683691486278552.jpg

2023 жылдың 3 мамыр күні Әлкей Марғұлан атындағы № 40 мектеп-лицейінде 7-мамыр Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр Ұлы Жеңіс күніне орай "Желбіре жеңіс жалауы" атты мерекелік кеш болып өтті. Жеңіс! Ерліктің отын маздатқан осынау күні тағы бір сұрапыл сұм жылдарды еске аламыз. Жылдар бойы сұм соғысқа шыдай білгендерді біз жылына бір рет емес, күн сайын сағат сайын құрметке бөлеуіміз парыз. Білуіміз парыз. Бірге болуымыз парыз. Ол сонысымен де қастерлі, қасиетті саналады -деп басталған мерекелік шарада жеңіс туралы жырлар мен әндер шырқалып, бір минуттық үнсіздік жарияланды. Мектебіміздің директоры Базыл Жангелді Сағынтайұлы оқушыларды 7 мамыр - Отан қорғаушылар күнімен және 9 мамыр - Жеңіс күні мерекелерімін құттықтап бұл мерекелердің ұмытылмайтын, ескірмейтін тарихи оқиғаларға толы екенін айтып өтті.

Директорға сұрақ қою