Меню KDT

"Әлкей Марғұлан" атындағы №40 мектеп-лицей


 

Kazakh
Директорға сұрақ қою

ЕЛ ҚОРҒАНЫ – ЕГЕМЕНДІК САҚШЫСЫ

1683878874261737.jpg

        Отан қорғаушылар мерекесі қарсаңында Әлкей Марғұлан мектебінің ер-жігіттеріне әріптес арулар сый-құрмет көрсетіп, "Teach -EP" атты мерекелік концерт болып өтті. Бір әулеттің ағасы, отағасы, кәсібін нәсіп еткен ер-азаматтар бүгінде отандық білім беру саласында талмай еңбек етіп жүр. Отанымыздың қорғаны, мектебіміздің намысы болған ардақты да абзал, мейірбан да қамқор ер-жігіттерімізге орайластырылған мерекелік шара Марғұлан жігіттеріне арналған бейнероликпен ашылды. Ары қарай кешіміз «Нұрай» тобының орындауындағы "Биле" әнімен жалғасты. Одан соң музыка пәні бірлестігінің ұстаздары Мендабике Уркумбаева, Жанар Ундыбаева, Айнұр Қабкеновалардың орындауында «Аққу арман» әнін тамылжыта орындап, ортаға ағайларымызды биге шақырды. Магнитафонды барына қоста ойнасын әндер из 90 деп басында кепка үстінде адик киген жігіттеріміз бен қырмызы қыздарымыздың вечерний пати кешінен әдеби монтаж әрі қарай флешмобпен жалғасты.
Арасында сергітетін, көңілді бір серпілтетін «Ең ақылды» ойыны болды. Ойында ер азаматтар экранда көрсетілген бірнеше сұрақтарға жылдам әрі тез жауап берулері керек болды. Мысалы, өмірдің әр сәтіне, спортқа, кинофильмдерге қатысты логикалық сұрақтар әзірленді. Сондай-ақ Марғұлан жігіттері ән-күй, би, импровизациядан құралған жарысқа қатысып, «Жасырын тапсырмалар» ойынын ойнап, сый-сияпат алды. Ардақты ерлерімізді арнайы құттықтап келген елордалық өнерпаздар Үкілі Ыбырайдың «Гәкку» әніне салды. Бастауыш сынып бірлестігінің орда бұзар 30 қызы ретро фильм – «Тақиялы періштеден» сахналық қойылым дайындаса, Төлеген Клара мен Айдабулова Гауһар өзбек биін биледі. Марғұлан мектебінің сардарлары мен сарбаздарына арнап, қыздар жасағы флешмоб ұйымдастырды. Директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Дюсенова Сәуле Зәріпқызы мерекелік құттықтау айтып, ер азаматтарымызға сыйлықтар табысталды. Думанды шара соңы «Тойла» көңілді әнімен түйінделді.
Үнемі ел тыныштығын күзеткен, жұмысына адалдық танытып, сапта жүрген абзал ерлердің еңбегі лайықты бағасын ала берсін. Ашық аспан астында, Отан ішінде қызметте жүрген Әлкей Марғұлан мектебінің ер-азаматтар қауымы жасай берсін!
 

Директорға сұрақ қою