Меню KDT

"Әлкей Марғұлан" атындағы №40 мектеп-лицей


 

Kazakh
Директорға сұрақ қою

11 МАМЫР - АКАДЕМИК ӘЛКЕЙ МАРҒҰЛАННЫҢ ТУҒАН КҮНІ

1683879669167975.jpg

       Бүгін 2023 жылдың 11 мамыр күні Әлкей Марғұлан атындағы № 40 мектеп-лицейінде халқымыздың тарихын, мәдени шежіресін жалықпай зерттеп, том- том бағалы кітаптар жарияланып, білім қорының молаюына ықпал жасап, кемеңгерлердің ең көрнектілерінің бірі – АКАДЕМИК ӘЛКЕЙ МАРҒҰЛАНның туған күніне орай «ТҰЛҒА, ТАҒДЫР, ТАҒЫЛЫМ» атты салтанатты жиын болып өтті. Салтанатты жиын ҚР Мемлекеттік гимнімен басталып, еске алу рәсімінің бір минуттық үнсіздігімен жалғасты. Жиында мектеп бітіруші түлектеріміз ғалымның өмірбаянын, ғылымда өшпес өнегелі із қалдырған дана ойшылдар, білімпаз қайраткерлердің Әлкей Хақанұлы Марғұлан туралы айтқан пікірлерін, өлеңдерін жатқа оқып, Әлкей Марғұлан есімін иеленіп отырған білім ошағы оқушыларының жадында ғалымға деген құрмет мәңгі ұмытылмайтындарын сөзге тиек етті. Жиын кемеңгер тұлға Әлкей Марғұланның ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімімен жалғасты. Кемеңгер тұлға Әлкей Марғұланның ескерткішіне гүл шоғын қою мәртебесі мектебіміздің Үздік оқушысы, Азия елдері арасында спорт турнирлерінің жеңімпазы Ақылбек Сұлтан мен Астана қаласы бойынша футбол клубының мүшесі, спорт шеберінің кандидаты, республикалық спорт ойындарының жүлдегері Төкен Айтуарға берілді. Мектеп директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары Тлеулесова Жұмагүл Балташқызы ұстаздарды, оқушыларды құттықтап, ғалым мұрасын насихаттау әрбір мектеп оқушысының парызы екендігін айтып, алдағы білім сынақтарынан сүрінбей өтіп, Әлкей ата сияқты білімге құштар, ізденімпаз азамат болуларына тілектес екендігін жеткізді. Кеш соңы Ербол Ісләмұлының сөзіне, Жұмағазы Кәкімжановтың әніне жазылған мектебіміздің гимні «Марғұлан маршымен» аяқталды. МЕРЕКЕ ҚҰТТЫ БОЛСЫН ҚЫМБАТТЫ МАРҒҰЛАН ҰЖЫМЫ!

Директорға сұрақ қою