Меню KDT

"Әлкей Марғұлан" атындағы №40 мектеп-лицей


 

Kazakh
Директорға сұрақ қою

«ӘЛКЕЙ МАРҒҰЛАН МҰРАСЫ – ҰЛТТЫҢ РУХАНИ БАЙЛЫҒЫ» ЗИЯТКЕРЛІК ТУРНИРІ

1685446926116485.jpg

          Байқауға қалалық мектептерден №18 ОМ «Алаш» тобы, №67 МГ «Білгірлер» тобы, №68 МГ «Жайық» тобы, №80 МГ «Ғасыр үні» топтары қатысты. Байқау 7 кезеңнен тұрды.Байқаудың І кезеңі «Әлкей өміріндегі маңызды даталар» тақырыбында өтіп, Әлкей Марғұланның өмірі мен шығармашылығына байланысты сұрақтарға жауап берілді. ІІ кезеңде «Әлкей Марғұлан еңбектері» Шоқантану, фольклор, филология, археология, тарих жайлы сұрақтар қойылды. ІІІ кезеңде «Әлкей Марғұлан және замандастары» Әлкей Марғұланның өмір жолында тәлім алған, қалыптасуына ықпал еткен, бірге зерттеу жұмыстарын жүргізген тұлғалар жайлы сұрақтар қойылды. ІҮ кезеңде бейнесұрақ көрсетілді. Бейнесұрақты академик Әлкей Марғұлан білім алған қасиетті қара шаңырақ Семейдегі М.Әуезов атындағы педагогикалық колледждің студенті Ардаққызы Жұлдыз жолдады. Ү кезеңде мектептегі Әлкей Марғұлан музейінен сұрақтар қойылды. Айта кетсек, турнир басталмай тұрып, оқушыларға музей меңгерушісі Сәуле Жұмабекқызы экскурсия жұмыстарын жүргізіп таныстырған болатын.ҮІ кезең капитандар сайысы. ҮІІ кезең спич. Оқушылардың шешендік өнерлерін бағалау.Тартысты өткен жарыстың қорытындысы бойынша Бас жүлдені №67 МГ-нан құралған «Білгірлер» тобы, жүлделі І орынды №68 МГ-нан құралған «Жайық» тобы, ІІ орынды №80 МГ-нан құралған «Ғасыр үні», ІІІ орынды №18 ОМ-нен құралған «Алаш» тобы жеңіп алды. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Директорға сұрақ қою