Меню KDT

"Әлкей Марғұлан" атындағы №40 мектеп-лицей


 

Kazakh
Директорға сұрақ қою

БОС ОРЫН

1691668816977910.jfif

Құжаттарды қабылдау уақыты: 2023 жылдың 10-18 тамыз күндері аралығында аралығында;

дүйсенбі-жұма күндері сағат 09:00-17:00 (үзіліс 13:00-14:00);

құжаттарды қабылдаудың соңғы күні –  18.08.2023 жыл.

Конкурстың болатын күні: 25 тамыз 2023 жыл,  сағат 11:00-де,  322-кабинет

 

  1. Математика пәні мұғалімінің уақытша бос лауазымына -1 бірлік (уақытша)

Жүктеме: 16 сағат

Орташа еңбек  ақы: 200 000-300 000 тг (ҚР БЖҒМ 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығындағы талаптарға және жүктемеге сәйкес)

Оқыту тілі- қазақ тілі.

 

 

Лауазымдық міндеттері:

 

  • Оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес және "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасының негізінде оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асыру;
  • Білім алушы мен тәрбиеленуші тұлғасының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оның әлеуметтенуіне ықпал ету;
  • Білім алушының жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға ықпал ету;
  • Оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді түрлерін, әдістері мен құралдарын қолданады. Қысқа мерзімді жоспарларды, бөлімдер мен тоқсанның суммативті бағалауға арналған тапсырмаларды жасау;
  • Электронды журналдарды толтыру;
  • Жалпыға міндетті білім беру стандарттарында көзделген оқушылар мен деңгейден төмен емес тәрбиеленушілердің пәндік нәтижелерін, отбасылық-қызметтік, тұлғалық жетістіктерін қамтамасыз ету;
  • Оқу бағдарламаларын әзірлеуге және орындауға қатысу және оқу жоспары мен оқу процесінің кестесіне сәйкес олардың толық көлемде іске асырылуын қамтамасыз ету;
  • Әдістемелік бірлестіктердің, әдістемелік кеңестердің, желілік қоғамдастықтардың отырыстарына қатысу;
  • Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін, қызығушылықтары мен бейімділігін зерттеу сонымен қатар арнайы (түзету) білім беру мекемелерінде оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, дамуында ауытқуларды барынша түзетуге бағытталған білім алушыларды, тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу жөніндегі жұмысты жүзеге асыру;
  • Кәсіби құзыреттілікті, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті арттыру;
  • Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларын орындау;
  • Білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету;
  • Ата-аналармен немесе оларды алмастыратын тұлғалармен ынтымақтастықты жүзеге асыру;
  • Білім алушылар, тәрбиеленушілер, арасында академиялық адалдық қағидаларын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің алдын алу;
  • ҚР Конституциясын, ҚР Еңбек Кодексін, ҚР "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "ҚР тіл туралы" Заңдарын, білім беруді дамытудың бағыттары мен перспектикваларын айқындайтын мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын және басқа да нормативтік құқықтық актілерді, педагогика мен психологияны, пәнді оқыту әдістемесін, тәрбие жұмысын, оқыту құралдарын және олардың дидактикалық мүмкіндіктерін, оқу кабинеттері мен қосалқы үй-жайларды жабдықтауға қойылатын талаптарды, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормалары, санитарлық ережелер мен нормаларды сақтау.

 

 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:

 

 1) Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

 2) жеке басын куәландыратын құжат (жеке куәлік көшірмесі);

 3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы;

 4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері (диплом+ қосымшасы);

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (еңбек кітапшасының көшірмесі);

6) 075/у анықтамасы;

7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты НКТ (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік және бұйрығы болған жағдайда; (санаты болмаған жағдайда НКТ тест тапсырып, педагог-тағылымдамашы санатын алып келу керек);

10) Жеке кәсіби жетістектері (алғыс хат, мадақтама, диплом, жарияланымдар, авторлық жұмыс және сертификаттар, оқушылардың жетістіктері);

11) Тәжірибе жоқ кандидаттың бинепрезентациясы кемінде 15 минут, ең төменгі ажыратылымдығы-720 x 480 (флешкаға салып тапсыру керек)

12) Мемлекеттік білім беру гранты бойынша білім алған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының түлегі. «Дипломмен ауылға!», «Серпін» мемлекеттік бағдарламаларының қатысушысы, Жұмыспен қамту орталығы жастар тәжірибесі бойынша жіберілген педагог;

13) Алдынғы жұмыс орнынан ұсыныс хат;

14) Бағалау парағы;

15) Барлық құжаттарды 10 беттік көк түсті фаил папкасында болу керек.

 

Мекен-жайы:

Астана  қаласы                                                                           

Сарыарқа ауданы                                                                      

Көктал тұрғын алабы                                                               

Д.Бабатайұлы көшесі,  26                                   

т/факс (7172) 501-669

Электрондық пошта: sh40margulan@yandex.kz                                                                      

Директорға сұрақ қою