Меню KDT

"Әлкей Марғұлан" атындағы №40 мектеп-лицей


 

Kazakh
Директорға сұрақ қою

БІЛІМ ШЫҢЫНА ЖЕТКІЗЕР БІЛІМ ҚҰЖАТЫ

1693279704465469.jpg

Азамат бол асқан бағың
Өмір - күрес, жасқанбағың.
Жаңа өмірге қадам басқан,
Құтты болсын баспалдағың!
Иә, қолдарына алғаш негізгі орта білім деңгейін айғақтайтын куәлік алған Марғұлан мектебінің 170 оқушысына арналған салтанатты жиын Мемлекеттік әнұранды шырқаумен басталып, мектеп директорының міндетін атықарушы Атчибаев Қайрат Сиражиденұлының құттықтауымен жалғасын тапты. Өз кезегінде Қайрат Сиражиденұлы барша оқушыларға болашақта жас Қазақстанның білімді де білікті, еліміздің мықты да еңбекқор азаматы болуларына тілектес екендігін айтып, Марғұлан мектебінің абыройын үнемі асқақтатар биік тұлға болыңдар деген ізгі тілегін жеткізді. Ел болашағы - білімді жастар демекші, бүгінгі жиында 9-сынып бітірушілері күй орындап, ұстаздарына деген алғысын ән арқылы білдірді.
Сәт-сапар тілейміз баршаңызға,
Ақ жолды да тілейміз жолдарыңа.
Ел үшін еңбек етіп жүріңіздер,
Арналсын бар күштерің халқыңызға.

Директорға сұрақ қою