Меню KDT

"Әлкей Марғұлан" атындағы №40 мектеп-лицей


 

Kazakh
Директорға сұрақ қою

"Өзіңді тап-өзегіңе орал" атты республикалық жалпыұлттық ата-аналар форумы.

1693282357914172.jpg

Ата-аналар форумының пленарлық отырысына ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары, ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясының төрағасының орынбасары, ҚР Ұлттық экономика министрінің әйелдер кәсіпкерлігі мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі Ләззат Керімқұлқызы, ҚР Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Сабырұлы, ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ілиясұлы, «Сенімен Болашақ» Республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігінің құрылтайшысы, идея авторы, қоғам қайраткері Нұркен Жарылқапұлы Асанов сөз сөйледі. Екінші бөлімінде ата-аналар тәжірибелі спикерлердің эксперттік пікірін тыңдады.«Сенімен Болашақ» РҚБ төрағасы Жансая Бердімұрат бірлестік жүргізген зерттеулердің қорытындысын айтып, зерттеу саналы ата-ана болу құзыреті, баламен сапалы уақыт өткізудің жолы, саналы баланы тәрбиелеу мен ынталандыру тәсілдері бойынша жүргізілгенін сөзге тиек етті. Сондай-ақ бүгінде ата-анаға қатысты өзге де қажетті кеңестер, заманауи әдіс-тәсілдер бірлестіктің бастамасымен өзге өңірлерде жүзеге асып жатқандығы айтылды. Осы тұста «Тазалық – өмір айнасы», «Болашақ жеңімпаз», «Өмірің өз қолыңда» атты жобалардың барысы таныстырылды. Отбасылық құндылықтарға бағытталған бұл форумда атадан өсиет-анадан қасиет дару жолуында балаларды қолдауда ата-ананың, қоғамдық ортаның маңызы зор екендігі туралы ой айтылды.

Директорға сұрақ қою