Меню KDT

"Әлкей Марғұлан" атындағы №40 мектеп-лицей


 

Kazakh
Директорға сұрақ қою

МЕКТЕП МЕЙІРБАНДЫЛЫҚ МЕКЕНІ

1695031345183235.jpg

Күздің алғашқы айы – қыркүйек Білім күнімен жан жадыратып, есте қалар жарқын сәттерге толы болғалы тұр.
Елімізде, еңселі елордада арман әлемінен білім әлеміне қадам басып, әліппемен алғаш танысамын деген кішкентай бүлдіршіндер оқушылар қатарын толықтыруда. Жүздері бал-бұл жайнап, бір жасқа есейіп, жаңа сыныпқа көшіп отырған оқушыларымыз да көп. Алдына келген әр шәкіртті өз баласындай көріп, бар мейірімін, қамқорлығын аямаған ардақты ұстаз-әріптестеріміз де жаңа оқу жылына жаңа леппен қосылып отыр.
Астана қаласы бойынша орта білім беретін мектептер арасында алдыңғы қатардан көрініп, тәлім мен тәрбиені, ұлттық таным мен салт-дәстүрді қатар сіңіріп келе жатқан Әлкей Марғұлан мектебі 1 қыркүйек – Білім күніне орай салтанатты іс-шара ұйымдастырылды. Осыған орай, мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндер өлең оқыса, өнерлі балалардан құралған жас әншілер ән шырқады. Шараға қатысқан меймандарға, оқушыларға, әріптестерге мектеп директоры Сәуле Амангелдіқызы тарыдай боп енген кішкентай балалардан үмітті екенін жеткізді. Болашақта осы бір балалар да ел азаматы болып, білім әлемінде өзінің лайықты орнын тауып, ұстаздар ықыласына бөленсін дей отырып, өзінің ақ тілегін арнады. Сондай-ақ маслихат депутаты Смаилов Бауыржан Амангелдіұлы келіп, барша қауымды мерекемен құттықтап кетті. Ата-аналар атынан сөз тізгінін алған Каирбеков Жанболат Төлегенұлы Марғұлан мектебінің ұстаздар қауымын мерекемен құттықтап, ізгі тілегін жеткізіп, алғыс білдірді.
Биылғы алғашқы қоңырау соғу мәртебесі 1-сынып оқушылары Матай Тұрлыбек мен Азамат Алдияр және «Алтын белгі» үміткерлері Ермағамбетова Мадина мен Жусупбаева Мерейдің үлесіне тиді.
Кезекті 2023-2024 оқу жылы қызықты, жеңісті, берекелі болып, Әлкей Марғұлан мектебінің аты аспандай берсін! МЕРЕКЕ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Директорға сұрақ қою