Меню KDT

"Әлкей Марғұлан" атындағы №40 мектеп-лицей


 

Kazakh
Директорға сұрақ қою

ҰЛТЫНЫҢ ҚАМЫН ОЙЛАҒАН ЕР-АҒА ЕСІМІ АРДАҚТАЛҒАН КҮН

1695031715222095.jpg

Ашылу салтанатына жазушы, филология ғылымдарының докторы, алаштанушы ғалым Тұрсын Жұртбай, Оқу-ағарту министрлігі Орта білім беру департаменті төрағасының орынбасары Жекебаев Дулат Шәйкенұлы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Қайырбек Кемеңгер, қалалық білім беру қызметкерлері кәсіподақ ұйымының басшысы Батыр Әлиұлы, Астана қаласы бойынша әдістемелік орталық әдіскері Баяхметбаева Күнімбала Ізтелеуқызы, Ербол Ісләмұлының үзеңгілес достары, ардагер ұстаздар Жұмағазы Әзенұлы, Гамиль Магажирұлы, шәкірттері ғылым докторы Берікхан Иісбекұлы, ақын Бекмұрат Өмірбекұлы және марқұмның жары Қымбат Мұқанқызы мен балалары, туыстары қатысты. Дәрісхана Абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезов, Қайым Мұхамедханов сынды ұлы тұлғалардың өнегелі өмір жолын өскелең ұрпақ санасына сіңіруді мақсат еткен Ербол Ісләмұлының ұстаздық еткен жылдарындағы еңбектерімен толықты. Дәрісхананың ашылу салтанатын белгілі жазушы Тұрсын Жұртбай мен мектеп директоры Үйсімбаева Сәуле Амангелдіқызы жүргізді.
Келушілерге есігін айқара ашқан жаңа дәрісхана бұдан былай өскелең ұрпақтың ұлтжанды азамат боп қалыптасуына өзіндік септігін тигізбек. Яғни рухани тұрғыдан білім іздеп келген әр бала үшін құнды-құнды кітаптар, мазмұны бай ақпараттар қоры жинақталған бұл дәрісханада алдағы күндері талай тағылымы мол, берері зор шаралар өтпек.

Директорға сұрақ қою