Меню KDT

"Әлкей Марғұлан" атындағы №40 мектеп-лицей


 

Kazakh
Директорға сұрақ қою

ТУҒАН ТІЛІМ - ТІРЛІГІМНІҢ АЙҒАҒЫ

1695033143109240.jpg

Мазмұнды, байыпты шара Абай, Ыбырай, Шоқан секілді ұлылар салған ағартушылық бағытты ілгері жалғастырушы, ірі ғалым, тілші, әдебиет зерттеушісі, дарынды ақын, аудармашы, педагог, қоғам қайраткері тұңғыш қазақ тіл білімі ғылымы мен тұңғыш әдебиеттану ғылымының негізін қалаушы, араб қарпіндегі тұңғыш төте жазу әліпбиін жасаушы, тұңғыш тіл ғылымына және әдебиеттануға қатысты қазақ терминдерін жасап, ғылыми айналымға түсіруші Ахмет Байтұрсынұлының өмірінен сыр шертетін бейнебаяннан басталды. Кеште оқушыларымыз Ахмет Байтұрсынұлының «Екі шыбын», «Аққу, шортан һәм шаян» мысалдарын, «Қазақ қалпы», «Қазақ салты», «Анама хат», «Замандастарыма» атты өлеңдерін, нақыл сөздерін жатқа оқыды.
Бұған қоса, кешегі тарихта Ахметтей қайталанбас тұлғалар салған жолмен жүріп өтіп, өзі де тіл жанашыры бола отырып, ұлы тұлғалар өмірін өмірлік қағидатқа айналдырған абайтанушы, қайымтанушы, "ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері", «Ерен еңбегі үшін» медалінің, «ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығы», «Тіл жанашыры» төсбелгілерінің иегері және «Халық сүйіктісі» республикалық байқауының жеңімпазы, 2005-2018 жылдар аралығында мектебіміздің басшысы қызметін атқарған марқұм Іргебай Ербол Ісләмұлы да 5 қыркүйек күні дүниеге келген-ді. Міне, ұлылар үндестігі, ұрпақтар сабақтастығы дегеніміздің бір көрінісі осы емес пе?! Рухани кеште асыл ағаның ұстаздық жолындағы еңбектері айтылып, өмірі мен шығармашылық қызметі жайында бейнеоликтер, естеліктер, ұстазға арналған өлең шумақтары жатқа оқылды. Аталған кеште ұлтына ғұмырын арнаған ұлы тұлғалардың бүгінгі заманмен сабақтастығы, артында қалған өшпес мол мұрасы көрініс тапты.
5 қыркүйек - тілдер мерекесі құтты болсын, қазақ елі! Тұғырлы, еңселі, бай қазақ тілінің мол мұрасы ғасырдан-ғасырға жалғаса берсін!

Директорға сұрақ қою