🎓 Болашақ мамандыққа алғашқы қадам
Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінің 9 «Е» сынып оқушылары кәсіби бағдар беру жұмысы аясында
Астана қаласы әкімдігінің «Кәсіптік-техникалық колледжіне» танымдық экскурсияға барды.
🔰Экскурсияның негізгі мақсаты – оқушыларды жұмысшы мамандықтарымен таныстыру, кәсіптік білім берудің маңыздылығын түсіндіру және болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға бағыттау.
Іс-шара барысында оқушылар:
🔹 колледждің оқу-өндірістік базасымен танысты;
🔹 заманауи құрал-жабдықтармен жұмыс істеу үдерісін көрді;
🔹 дәнекерлеуші, электрик, автомеханик, аспаз және басқа да сұранысқа ие жұмысшы мамандықтар туралы толық ақпарат алды;
🔹 колледжге оқуға түсу шарттары, оқу мерзімі мен түлектердің жұмысқа орналасу мүмкіндіктері жайлы мәліметтермен танысты.
👷♂️🧑🔧 Колледж мамандары оқушыларға еңбек нарығында жұмысшы мамандықтарының маңызы жыл сайын артып келе жатқанын атап өтіп, өз тәжірибелерімен бөлісті. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды.
🔰Экскурсия оқушылардың кәсіби қызығушылықтарын айқындауға, өз қабілеттерін бағалауға және болашаққа нақты мақсат қоюына оң ықпал етті. Мұндай іс-шаралар оқушылардың еңбекке деген құрметін арттырып, қоғамға қажетті маман болуға ынталандырады.
#КәсібиБағдар
#ЖұмысшыМамандықтарЖылы
#9Есынып
#МектепЛицей40
#БолашақМаман
КәсіптікБілім
АстанаКолледждері
