Skip to content

БОЛАШАҚТЫҢ ТЕХНИКАСЫ ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫ 2022 жылдың 15 желтоқсан күні Астана…

БОЛАШАҚТЫҢ ТЕХНИКАСЫ ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫ

2022 жылдың 15 желтоқсан күні Астана қаласы әкімдігінің «Техникалық шығармашылық орталығы» МКҚК ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігі күніне арналған «Балалар,шығармашылық,техника» атты қалалық байқауы өтті. Байқау мақсаты оқушылардың шығармашылық,құрастырушылық ойлау қабілеттерін дамыту,оқушылар арасында өнертапқыш,зерттеу дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Аталған жарысқа Болашақтың техникасы,фантастикалық жобалар бағыты бойынша қатысқан мектебіміздің 6 «З» сынып оқушылары Аллам Бекарыс және Қонысбек Асаналидің жасаған заманауй жедел жәрдем дроны жобалық жұмыстары үздік деп танылып қала мектептерінің арасынан ІІІ орынға ие болды,сондай-ақ жоба жетекшісі мектебіміздің технология пәні мұғалімі А.Амантайұлы Білім басқармасының алғыс хатымен марапатталды. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *