Бүгін 2025 жылдың 16 қыркүйек күні мектебіміздің “ECOpatrol” экологиялық топ оқушыларының ұйымдастыруымен 5 сынып оқушыларына арналған экосағат өтті. Оқушыларға табиғатты қорғау мектеп өмірінен бастау алатыны түсіндіріліп, қоршаған ортаға мейіріммен қарауға оны құрметтеу керектігі айтылды. Сондай-ақ оқушыларға сұрақтар қойылып, пікір алмасты.
