Skip to content

Бүгін мектебімізде 35 жыл өмір жолын бала тәрбиесіне арнаған, білікті…

Бүгін мектебімізде 35 жыл өмір жолын бала тәрбиесіне арнаған, білікті ұстаз, ақылшы алдынғы буын ағайымыз дене тәрбиесі мұғалімі Махмуд Кузекұлының зейнеткерлік жасқа келуіне орай футболдан турнир ұйымдастырылды. Аталған шараға Махмуд ағамыздың еңбек жолындағы достары, таныстары қатысып жылы лебіздерін білдіріп туған күнімен құттықтап қазақтың салты бойынша үстіне шапан жауып сыйлықтарын табыстады. Сөз алған мектеп директоры Жанкелді Сағынтайұлы көп жылғы еңбегін бағалап бала тәрбиесі жолындағы жасаған игі істеріне үлкен рахметін айтып алғыс хат табыстады. Достары Ән айтып, оқушылар би билеп турнирдің шырайын кіргізді. Турнирге Ардагерлер, Достар, Шығыс және мектебіміздің мұғалімдерінен құралған 4 команда қатысты. Тартысты да ,қызықты өткен жарыс қортындысы бойынша жүлделі 1 орын Ардагерлер командасы, 2 орын Достар командасы және 3 орынды Мұғалімдерден құралған команда жеңіп алды. Жарыс жеңімпаздары арнайы медальдармен және турнирдің кубогымен марапатталды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *