Skip to content

БҮГІНГІ ҰРПАҚ – МАРҒҰЛАН ЖОЛЫМЕН Бүгін 2022 жылдың 11 мамыр…

БҮГІНГІ ҰРПАҚ – МАРҒҰЛАН ЖОЛЫМЕН

Бүгін 2022 жылдың 11 мамыр күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде 8-сынып оқушылары арасында «Бүгінгі ұрпақ Марғұлан жолымен» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті. Тек кішкентайынан білімнің кіршіксіз таза бұлағынан сусындаған адам ғана ғылымның даңғыл жолына түседі. Бүгінгі баяндайтын тұлға бар ғұмырын ғылым жолына арнады. Мінезін міндетімен ұштастыра білген қазақ археологиясының атасы Әлкей Хақанұлы Марғұланның ғибратты ғұмыры жайлы оқушыларға тың деректер айтылды. Әлкей Марғұлан алаш зиялыларының көзін көрген, тәлімін алған, сондықтан да болар оның шығармаларында Алаш арыстарының идеологиясы жайлы көп жазылған. Кезінде қабырғалы қаламгер Мұхтар Әуезов: «Әлкей – академик емес, академияның өзі», деген тәлімді тәмсіл қалдырған болатын.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *