«Цифрлық із» тақырыбында лекциялар өтті
2025 жылдың 22 желтоқсанында психология апталығы аясында мектебіміздің білім алушыларымен «Цифрлық із» тақырыбында лекциялар өтті.
Лекциялардың негізгі мақсаты – білім алушыларға интернетте қалдырған цифрлық іздері мен жеке ақпаратты қорғаудың маңыздылығын түсіндіру болды. Қатысушылар онлайн қауіпсіздік мәселелері туралы мәлімет алып, өздерінің цифрлық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолдарын үйренді.



