ДЕНСАУЛЫҚ – БАСТЫ БАЙЛЫҚ
2025 жылдың 17 желтоқсан күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде 5–6 сынып оқушыларына арналған қызылша ауруының алдын алу тақырыбында тағылымды дәріс өтті. Дәріс барысында оқушыларға қызылшаның белгілері, таралу жолдары және оның алдын алудың тиімді тәсілдері жан-жақты түсіндірілді. Онлайн форматта өткен кездесуді Киров отбасылық емханасының балалар дәрігері Т. Исмагулова жүргізіп, қызылшаның пайда болу себептері, жұғу қаупі және сақтану жолдары туралы пайдалы мәліметтермен бөлісті. Сонымен қатар дәрігер жеке гигиенаны сақтаудың маңыздылығына ерекше тоқталып, денсаулыққа жауапкершілікпен қарау әрбір оқушы үшін маңызды екенін атап өтті. Бұл кездесу оқушылардың денсаулығын қорғауға бағытталған, танымдық әрі маңызы зор шара болды. Салауатты өмір салты – жарқын болашақтың кепілі!


