ДИДАРЛЫ ЖАЗ 2022
2022 жылдың 10 мамыр күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде балалар жылы және дене шынықтыру, АӘД бірлестігі апталығы аясында 5 сынып оқушылары арасында «Халық добы ДИДАРЛЫ ЖАЗ 2022» атты спорттық жарыс болып өтті. Төрешілер алқасының шешімі бойынша І,ІІ,ІІІ орындар анықталып, арнайы дипломдар тапсырылды. Тартысты өткен жарыс қорытындысы бойынша жүлделі ІІІ орынды 5 «Е» сыныбы, ІІ орынды 5 «Д» сыныбы, І орынды 5 «В» сыныбы жеңіп алды. Ойында үздік деп танылған оқушыларға диплом берілді. #Балалар_жылыNS #Год_детейNs