ДИДАРЛЫ ЖАЗ 2023
2023 жылдың 23 мамыр күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейі 5-6 сынып оқушылары арасында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің 31 жылдығына арналған «Мемлекеттік рәміздер – елдігіміздің нышаны» атты мектепшілік «Халық добы ДИДАРЛЫ ЖАЗ 2023» атты спорттық жарысы болып өтті. Төрешілер алқасының шешімі бойынша І,ІІ,ІІІ орындар анықталып, арнайы дипломдар тапсырылды. Тартысты өткен жарыс қорытындысы бойынша жүлделі ІІІ орынды 6 «Д» сыныбы, ІІ орынды 6 «А» сыныбы, І орынды 6 «В» сыныбы жеңіп алды. Ойында үздік деп танылған оқушыларға диплом табысталды.