Skip to content

ДосболLike

«Буллинг: түсіну, алдын алу күресу» тақырыбында

кездесу өтті

2025 жылдың 15 қыркүйек күні 5-7 сынып оқушылары арасында «Буллинг: түсіну, алдын алу күресу»  тақырыбында мектеп психологтарымен әңгіме сағаттары өтті. Әңгімелесу барысында буллингтің көбінесе мектепте, мектепке бару және қайту жолында, қоғамдық орындарда орын алатындығы және буллингтің түрлері, қатысушылардың рөлдері талданып мысалдар келтірілді. Сонымен қатар буллингке тап болған жағдайда кімге және қайда хабарласу керек екендігі айтылды. Әңгіме сағатын қорытындылай келе, буллингті тоқтату үшін барлығым бірге жұмыс жасауымыз керек екендігі ескертілді. Бір-бірімізді құрметтеп, қолдап, мектеп бәріміз үшін қауіпсіз орта болатыны туралы ой түйді.

Оқушылар қысым көрген жағдайда мектептің қолдау, қорғау бойынша жедел көмек беру QR коды бар екендігі туралы ескертілді.

«ДОСБОЛ  LIKE» бағдарламасы аясында буллингтің алдын алуда  сынып жетекшілер мен педагогтар үшін түсіндірме жұмыстары өтті

2025 жылдың 9 қыркүйек  күні  сынып жетекшілердің қатысуымен «ДОСБОЛ  LIKE» бағдарламасы аясында буллингтің алдын алуда жиналыс өтті. Жиналыс барысында, оқушылар арасындағы жәбірлеу, зорлық-зомбылық пен қысым көрсету жағдайларының алдын алу, мектептегі қауіпсіз және қолайды орта қалыптастыру мәселелері қарастырылды. Сынып жетекшілерге буллингтің белгілерін ерте анықтау, оған дер кезінде әрекет ету және оқушылармен түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша нақты ұсыныстар мен әдістемелік нұсқаулар ұсынылды. Сонымен қатар, «ДОСБОЛ  LIKE» бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылып, оны оқу-тәрбие процесінде тиімді пайдалану жолдары қарастырылды.

Ата-аналарды педагогикалық  қолдау орталықтары шеңберінде ата-аналармен бірлескен жұмыс «Буллинг және кибербуллингке жол жоқ» тақырыбында кездесу өтті

2025 жылдың 18 қыркүйек  күні  «Буллинг және кибербуллингке жол жоқ» тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыстың негізгі мақсаты – ата-аналарға мектеп жасындағы балалар арасында жиі кездесетін буллинг және кибербуллинг ұғымдарын түсіндіру, оның алдын алу жолдарын қарастыру және отбасы мен мектептің бірлескен әрекетінің маңыздылығын атап өту.

Іс-шара барысында ата-аналарға буллинг пен кибербуллингтің түрлері, психологиялық және әлеуметтік зардаптары туралы ақпарат берілді. Мектеп психологы мен сынып жетекшілері баланың мінез-құлқындағы өзгерістерді қалай байқауға болатынын, сондай-ақ буллингке ұшыраған немесе өзі буллинг жасаушы оқушылармен қандай жұмыс жүргізу қажет екенін нақты мысалдармен түсіндірді.

Жиналыста ата-аналармен интерактивті сұрақ-жауап алаңы ұйымдастырылып, өзекті мәселелер бойынша пікір алмасу өтті. Сонымен қатар, оқушылардың қауіпсіз интернет кеңістігін пайдалануы, әлеуметтік желілердегі қауіптер мен олардан қорғану жолдары туралы кеңестер берілді.

Жиналыс соңында ата-аналарға буллинг пен кибербуллингтің алдын алу бойынша ұсыныстар жазылған ақпараттық парақшалар таратылып,  баламен сенімді қарым-қатынас орнатудың маңыздылығы ерекше атап өтілді.