«ECO CHALLENGE»
2018 жылдың 26 қараша күні «Жас эколог» үйірме оқушыларының ұйымдастыруымен «ECO CHALLENGE» республикалық экологиялық байқауын оқушыларға насихаттау мақсатында акция өткізілді.
Аталған акцияда оқушыларға қызықты сұрақтар қойылып «ECO CHALLENGE» қызметкерлерінің белсенді қатысқан оқушыларға сый ретінде ұсынған алмалары таратылды.
Тұрмыстық қалдықтарды сұрыптап қайтадан өңдеп кәдеге жаратуда «ECO CHALLENGE» байқауының маңызы зор.