Skip to content

ECO CHELLENGE 2019 жылдың 26 ақпан күні Әлкей Марғұлан атындағы…

ECO CHELLENGE
2019 жылдың 26 ақпан күні Әлкей Марғұлан атындағы № 40 мектеп лицейінде "Жас эколог" үйірмесі оқушыларының ұйымдастыруымен ECO CHELLENGE республикалық байқауын кеңінен насихаттау мақсатында экологиялық акция өткізілді. Акция мектеп ауласында орналасқан арнайы контейнерге оқушылардың өздері жинаған қағаз қалдықтарын салумен бастау алды. Сонымен қатар мектеп аймағына жақын орналасқан тұрғындарға акцияның үндеу парақшалары таратылып арнайы контейнерлер жөнінде қоқыстарды бөліп салудың маңыздылығы туралы мәлімет берілді. Акцияның жалғасы мектеп ішінде сыныптарды аралаумен жалғасын тапты. Жас табиғат жанашырлары оқушыларды экологиялық мәдениеттілікті сақтауға, таза қалада жарқын болашақта өмір сүруге шақырды. Акция барысында табиғатты қорғау бағалай білу керектігі жөнінде нақыл сөздер, өлең жолдары айтылды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *