«ECO STAR» МАРАПАТТАУ КЕШІ
2022 жылдың 28 желтоқсан күні Әлкей Марғұлан атындағы № 40 мектеп-лицейінде мектебіміздің «Экопатруль» 8 «З»,«В» сыныптары және «Жас эколог» үйірмесі 5 «Е» сынып оқушыларының ұйымдастыруымен «Таза мектеп» экологиялық акциясы аясында 5,6,7 сынып оқушылары арасында өткізілген макулатура жинау байқауының марапаттау кезеңі өтті. Аталған байқауға орта буын сыныптарынан 22 сынып қатысып қайта сұрыптауға жарамды қағаз,картон материалдарын тапсырған болатын. Сондай-ақ марапаттау кезеңіне мектебіміздің 2021 жылғы түлектері, мектепшілік «Ecoteam» экологиялық тобын алғаш құрған Замирбекова Малика, Сәлімжан Дильназ, Смаилова Айнұр,Сағатов Оралбек,Накупов Эльдар,Баянды Сейфолла, Жаңбырбай Ғалымжан қатысып байқауға ерекше белсенділікпен қатысқан оқушыларды марапаттады. Ал байқаудың жеңімпаз сыныптарын марапаттау мектебіміздің география пәні мұғалімі Г.Мадиярқызына табысталды. Кеш аясында топ оқушылары жеңімпаздарға арнап әсерлі әндерімен,мың бұралған билерін ұсынды.Сонымен бірге мектебіміздің талантты оқушылары Нурхина Інжу мен Нурхин Айса, Қалымбетов Нұрсұлтан әсем әндерін тарту етті, мектебіміздің театр үйірмесі оқушылары «Табиғат сыры» атты қойылымдарын қойды. Шара барысында оқушылармен ойындар ұйымдастырылып сұрақтарға жауап берген оқушыларға арнайы естелік сыйлықтар тарту етілді.Марапаттау кешіне жиналған оқушылар «Ecoteam» тобының оқушыларына сұрақтар қойып пікір алмасты. Байқауға қатысқан барлық сыныптарға сондай-ақ іс-шараның өтуіне атсалысқан мектебіміздің ұстаздары А.Аргенова, А.Тасанов, А. Заитовқа алғыс білдіреміз. Табиғатты аялауға,қамқорлық танытуға бағытталған шарамыз «Экопатруль» және «Жас эколог» үйірмесі оқушыларының «Табиғат» әнімен қорытындыланды.