Skip to content

«ECO STAR» МАРАПАТТАУ КЕШІ Бүгін 2025 жылдың 17 ақпан күні…

«ECO STAR» МАРАПАТТАУ КЕШІ

Бүгін 2025 жылдың 17 ақпан күні Әлкей Марғұлан атындағы № 40 мектеп-лицейінде мектебіміздің «Ecoteam» оқушылар тобының ұйымдастыруымен «Таза мектеп» экологиялық акциясының қорытындылау шарасы өтті. Аталған шарада мектепішілік экологиялық акцияларға белсенді қатысқан оқушылар және «Қағазға екінші өмір сыйла»акциясының жеңімпаз сыныптары марапатталды. Шараға мектепішілік экологиялық топтың алғашқы мүшелері, 2021 жылғы мектеп түлектері Замирбекқызы Малика, Есіркеп Инабат, Салимжан Дильназ, Боскеева Жұлдыз сынды мектеп түлектері қатысты. Аталған іс-шарада биылғы оқу жылында 5 сыныптардан құрылған «Экопатруль» тобына оқушыларды салтанатты қабылдау рәсімі жүргізілді. Шарада мектебіміздің өнерлі оқушылары табиғат туралы өлең жолдарын жатқа оқып, ән шырқап, би биледі. Шараның тағы бір жаңалығы мектебіміздің 9 сынып оқушыларынан құрылған «Қадам» тобы алғаш рет мектеп сахнасына шығып өз өнерлерін ұсынды. Биыл экологиялық орта топқа 35 оқушы ерікті топ құрамына қабылданды. Мектеп оқушылары мен мектепті бітіріп кеткен түлектер арасындағы сабақтастықтық үзілмесін.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *